ӘлеуметЖаңалықтарЭкономика

АЛҒА БАСҚАН АТЫРАУ

Бактыкожа

Мұнайлы өлке маңызды мәселелерді шешу жолында бірнеше жұмыстар атқарып, бұл күні алға қойған жоспарларды толығымен орындады. Кеше Атырау облысы әкімі Бақтығожа Ізмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге осыны баян етті.

Әкімнің айтуынша, 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегіне өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 3 876,4 млрд теңгені құраған. Бұл – 99,4 пайыздық көрсеткіш. Ал, өңдеу өнеркәсібінің өнім шығару көлемі 268,4 млрд теңгеге жеткен (103,0 %). Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында да алға жылжу бар. Айтар болсақ, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында облысқа тиесілі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 32,4 млрд теңгені құрап, 100,9%-ға жетіп отыр. Оның ішінде, 22,5 млрд теңге (101,3%) мал шаруашылығының үлесі болса, 9,6 млрд теңге (100,0%) – өсімдік ша­руашылығындағы өрлеу.

Шағын-орта бизнестің белсенді субъектілері санының өсу қарқыны мен тұрғындары арасындағы осы сектордағы жұмыспен қамтылғандардың санында, өндірілген өнім, жұмыстар және қызмет көрсету көлемінде, сондай-ақ, өңірдің эконо­ми­калық белсенді ШОБ арқылы жұмыспен қам­тылғандар үлесінде де оң өзгерістер байқалады.

Бұған қоса, облыс тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-тіршілігіне тоқталған әкім қай-қай сала бойынша да дұрыс бағытта келе жатқандығын мәлімдеді. Жұмыссыздық пен жастар мәселесі, құрылыс жобалары мен жол жөндеу әрі денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы сапа туралы мағлұмат беріп, тілшілердің сұрақтарына толықтай жауап берді.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button