Sport

Алғашқы кезеңнен аспаймыз…

Міне, құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген елордалық «Барыс» хоккей командасы биыл да жылдағы белесінен аса алмай, екінші кезеңнің алғашқы сатысында сүрінді.

Бірнеше жыл қатарынан бір нәтиженің тіркелуі қандай да бір оңтайсыз қарсыластың кездесіп қалуынан ғана болмаса керек. Чемпионат барысында жақсы деңгейде ойын өрнегін көрсетіп жүрген командамыз «play off» кезеңінде жеңістерге жетуге бастар жолды таппай-ақ жүр. Мысалға, Челябінің «Трактор» командасымен болған кездесулерге тоқталсақ, қарсыластарымыздың бізден бір саты жоғары тұрғандығы байқалып тұрды. Жылдамдықтары да, бір-бірін дәл паспен таба алуы да жақсы жолға қойылған. Небір азулы ұжымдармен терезесі тең өнер көрсетіп жүрген «Барыс» осы кезеңге психологиялық тұрғыдан дайын болмады ма, жүйелі ойынымен қуанта алмады. Кәсіби хоккейші болмағандықтан сарап жасау қиын да шығар, бірақ командамызда қорғаныстан шабуылға көшу дұрыс жолға қойылмаған деп санаймын. Шайбаны қарсы қақпаға қарай бос асыра салу көп орын алады, құдды бір қарсыластарымыз бүкіл ойын барысында сан басымдығына ие сияқты. Бір ғана кездесу емес, бірнеше кездесуде ойыннан қорытынды шығаруға болады ғой.

Әрине, бұл спорт, ойын, жарыс. Бап шаба ма, бақ шаба ма деген. Әйтсе де осы саладағы мамандарымыздың ойлануына жетерлік себептер бар. Жанкүйер ретінде, еліміздің намысы үшін жеңістерге мұқтаж біздерге еңсеміздің биік болғаны маңызды.

Амангелді ҚЫРМАНШИН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button