Жаңалықтар

Алғашқы көмек негіздері үйретілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында «Алғашқы медициналық көмек» көрсету бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті.

[smartslider3 slider=2696]

Күніне 150-ден 200-ге де­йін ерекше жандарға қызмет көрсететін Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының қызметкерлері қалалық жедел медициналық жәрдем станция­сы мамандарынан «Базалық реанимация» тақырыбында теориялық және практикалық білім алды.

«Паралимпиадалық орталықтың қызметкерлеріне алғашқы көмек көрсету тәсілдерін үйреттік. Қазіргі уақытта осындай қайырымдылық іс-шараларын ұйымдас­тырып, тұрақты түрде өткізіп тұрамыз» деді қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы симуляциялық                                   оқыту орталығының                                                                           басшысы  Қасым Шынтас.

Маманның айтуынша, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша барлық іс-әрекеттер ауырған адамның жағдайын қиындатпау, оның ауырсынуын күшейтпеу және жаңа зақымдануды болдырмау үшін өте мұқият орындалуы керек.

Паралимпиада орталығының қызметкерлері жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін жоғары бағалап, қалалық жедел жәрдем станциясының жанындағы оқу-симуляциялық орталықтың мамандарына алғысын білдірді.

Курсқа қатысқандарға халықаралық сертификаттар тапсырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button