Жаңалықтар

Алғашқы қоңырау жексенбіде соғылады

Биылғы қыркүйектің 1-і, яғни Білім күні жек­сен­бі­ге келіп тұр. Солай болғанымен, қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы қоңырау дәл осы күні соғыла бермек. Сондай-ақ,­ Астана қаласының Білім басқармасы қыр­күй­ектің 1-і мен 2-сі күндері елорданың барлық мектептерінде патриотизм сабақтарын өткізеді. 

Білім саласының білікті мамандары оқушылардың патриоттық пайымын пысықтайды. Еліміздің өткенін, бүгіні мен келешегін байланыстыратын батырлар баяны, бабалар аманаты, мемлекеттік идеология үдерісі жөнінен дәріс оқиды. Қысқасы, мектеп жасындағы балалар осы бір сана, жүрек, иман, иба сабақтасқан сауапты сабақ арқылы жан-жақты ілімге қанығады. Сондай-ақ, №64 мектеп-лицейде өтетін салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Президенті қатысады.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button