Жаңалықтар

АЛҒАШҚЫ САЙЛАУ АКЦИЯСЫ

20150404180824 (1)

Өткен сенбі күні «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында Астана қаласы жастар саясаты басқармасы және Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен «Менің алғашқы сайлауым» атты флеш-моб өтті.

Акцияның мақсаты – он сегіз жасқа толған, дауыс беру құқына ие болған жастарды 26 сәуір күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына дауыс беруге үгіттеу. Сонымен қатар, Астана қаласының тұрғындарын азаматтық белсенділікке шақырып, сайлауға  толық атсалысуға насихаттау. «26 сәуірге дейін мұндай іс-шаралар жиі өтеді. Барлық  шараның мақсаты – алғаш дауыс беру құқына ие жастардың және қала тұрғындарының белсенділігін арттыру» дейді ұйымдастыру бө­лімінің басшысы Әділет Төлеутаев.

Іс-шараға Астана қаласының белсенді жастары және қала тұр­ғындары қатысты. «Ханшатырда» басталған флеш-моб түстен кейін «Ажар Астана Mаll» сауда орталығында жал­ғасын тапты.

Ырысбек Дәбей

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button