1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

Алғашқы сайлау сабағы

1991 жылғы 1 желтоқсанда ­Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтті. Мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Сол күндердің атмо­сферасы әлі күнге дейін есімде. Кеңес Одағының соңғы күндері еді, одақтас республикалар бірінен соң бірі өздерінің егемендігі туралы жариялап жатты. Осының негізінде шаруашылық байланыстар бұзылып, экономика көз алдымызда құлдырап, кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық өсті, адамдардың әлеуметтік жағдайы күрт нашарлады.

[smartslider3 slider=1233]

Осындай қиын-қыстау кезеңде ­Нұрсұлтан Назарбаев халық пен мемлекеттің тағдырына қатысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алды. Оған жаңа тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұру үшін жауапты миссия жүктелді.

1991 жылы тікелей және бүкілхалықтық Президент сайлауы жарияланған кезде, Қазақстан халқы оны мақұлдай отырып, қабылдады. Сайлау кампаниялары ұйымдастырушылардың бірі болғандықтан, сайлау азаматтардың бұрын-соңды болмаған белсенділігін арттыра түсті деп айта аламын. Ал олардың Қазақстанның Тұңғыш Президентін сайлауға нақты қатыстылығы Отан тағдыры үшін жауапкершілік сезімін арттырып, патриотизм мен рухани өрлеудің шарықтауын тудырды.

Жаппай барлық жерде Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауда бастамашыл топтар құрыла бастады. Кандидаттың сенімді тұлғаларының ішінде қоғамның жарқын белесті өкілдері де болды. Сол кездегі барлық әрекет ететін саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, діни қайраткерлер де өздерінің қолдайтынын білдірді. Сайлау үрдісі заманауи сайлау технологияларын қолданбай-ақ барлық кезеңдерде өткенін ерекше атап өткім келеді.

Н.Ә.Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын сайлаудағы қатысушы және ұйымдастырушы ретінде мен барлық өңірлердегі сайлаушылардың өз кандидатын қалай қарсы алғанына куә болдым. Адамдар стадиондарда, зауыттарда, фабрикаларда өзекті мәселелерді көтерді, балаларының болашағы, елдің болашағы үшін алаңдау­шылықпен бөлісті, ұсыныстары мен аманаттарын берді.

Сайлаушылар алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы алдағы жылдардағы туындайтын қиындықтарды жасырмады, КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанды не күтіп тұрғанын ашық айтты. Оның республиканы дамытудың негізі ретінде қоғамда ұлтаралық және діни келісімді сақтауға, бірлікке шақыруы жалпыға бірдей түсіністік пен қолдау тапты. Ол коммунистік жүйенің өткенге қайтып келмеуін, жаңа кезеңдер туатынын, ал олармен бірге күтпеген жаңа өзгерістер туындайтынына сенім ұялатты. Сонымен қатар ол экономикалық басымдықтар, саяси жолдар және ел дамуының рухани-идеологиялық модельдері туралы өзінің көзқарасын білдірді.

Куәгерлер мен сайлауға қатысушылар осы күнге дейін барлық сайлау учаскелерінде, қалалар мен ауылдарда жалпыхалықтық мереке болғанын естерінен де шығармайды. Себебі басқаша болуы да мүмкін емес еді, өйткені Қазақстан халқы қазіргі заманғы тарихта тұңғыш рет мемлекеттің бірінші басшысын сайлады.

Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлының өзіндік харизматикалық тұлғасы маңыз­ды рөл атқарғанын айта кеткен жөн. Оның жарқын қойылымдары, әңгіме жүргізу қабілеті, қарапайым адамдардың өмірін терең түсініп білуі, өз ісінің дұрыстығына деген берік сенімі, саяси ерік-жігері әрқашан да шынайы таңдануды тудырды және тудырады.

Парламент Сенаты депутаттарының бастамасы бойынша 1 желтоқсанда жаңа мемлекеттік мереке бекітілді – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, әрине, ол заңды да.

Осы мереке туралы заңның қабылдануына дауыс бергенде, мен 1991 жылдағыдай өз елім үшін бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Елбасының саяси бағытымен ілгерілей отырып, әлемде танымал әрі құрметті, қазіргі заманғы серпінді дамып келе жатқан, әлеуметтік бағдарланған ХХІ ғасырдағы мемлекетке айналды.

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button