Жаңалықтар

АЛҒЫР МҰҒАЛІМ АЛҒА ШЫҒАДЫ

Бүгінде елорда­мыз­дағы мұғалімдердің дені жастар. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, еңбек жолын жаңа бастаған жас ұстаздардың біліктілігін арттырып, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақ­сатында №72 мектеп-лицейде жас тарихшы мұғалімдер арасында «Жас келсе, іске!» қалалық байқауы өтті. 

Жігерлі, алғыр, сұлу да сымбатты, мақсаткер, айтқанын екі етпейтін, мінезі жайсаң, арманшыл әрі насихатты тез қабылдайтын тоғыз жас маман сайыстың сырттай турынан өтіп, өзара төрт кезең бойынша бақ сынасты.
Нәтижесінде №78 мектеп-гимназияның мұғалімі Раушан Әкімбаева І орынға, №65 мектеп-гимназияның мұғалімі Саят Набиев ІІ орынға, №52 мектеп-гим­назияның мұғалімі Зинагүл Тау­бай ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, №68 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Толқын Тілеубекова мақтау қағазымен марапатталды.

Еркежан ЖҰМАЖАН,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
1-курс студенті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button