Денсаулық

Алғыс айтқым келеді

Барша медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай отыра, елорданың бас онкологы Мұхтар Төлеутаевқа алғысымызды білдіргіміз келеді.

[smartslider3 slider=3272]

 

Бұл күнде қатерлі ісіктен ұлым Нұрланнан айырылып қалсақ та, ол дертке шалдығып, оны Мәскеуден елге жеткізерде, Қазақстанға келген соң емдеу үшін шұғыл есепке алып, керекті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмегін берген Мұхтар дәрігердің біз үшін сол кездегі жақсылығы көп болды. Қиын сәтте отбасымызға түскен ауыртпашылықты азайтып, жағдайымызды түсініп, қолынан келген көмегін аямады. Ұлым ауыр жағдайда жатқанда басқа да ақ халатты абзал жандардың көрсеткен жақсылығын, мейірімді жүрегін, қолдауын ешқашан ұмытпаймын. Ұлым 52-ден асқан жасында өмірден ерте кетті, артында бала-шағасы, бауырлары қалды. Ауыр дертті екенін бізден жасырып, кеш білдік. Денсаулық саласында жүрген жандардың осындай қатерлі дертке шалдыққандардың жағдайын жақсартуда қосып жүрген еңбегі орасан зор. Осы қажырлы еңбегіңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Боранбаевтар әулеті атынан

Орынбасар Боранбаева

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button