Sport

Алғыс айтты

2018 жылғы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған қазақстандық Юлия Галышева Бейжің ойындарында үміт артқан спортшымыздың бірі еді.

[smartslider3 slider=2038]

Фристайл-могул жарысында үздіктердің қатарынан саналған Галышева Бейжіңде бірінші айналымда сәтті өнер көрсетіп, екінші финалға шыққан еді. Өкінішке қарай, шешуші сында қателік жіберіп алды. Нәтижесінде жарысты 11-ші орынмен аяқтады.

Жарыстан кейін Юлия Галышева өзіне үміт артып, жанкүйер болған отандастарына алғысын білдірді.

«Менің ең алғашқы Олимпиадам 2010 жылы басталды. Бүгін көзді ашып-жұмғанша 2022 жылға келіп қалған екенбіз. 2010 жылы Канадада – 11-орын, 2014 жылы Ресейде – 7-орын. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда – 3-орын, 2022 жылы Қытайда 11-орынға ие болдым. Осы жолды менімен бірге өткен жандарға көп рақмет! Мен қуана қайталағым келетін ұмытылмас сәттер өте көп, – деп жазды спортшы өзінің әлеуметтік парақшасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button