
Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шараның мақсаты –Алғыс айту мерекесін атап өту аясында қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау.
–Алғыс айту күні – еліміздің тарихында бір-біріне құрмет көрсету мен жылы қарым-қатынас орнату үшін маңызды датаға айналып үлгерді. Әрі бұл күн қоғамның әлеуметтік тұрғыдан жақындасуына, түрлі ұлттар мен ұлыстар арасында түсіністік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Сондықтан да бүгінгі акцияның ауқымы кең деп атап айтуға болады. Бүгінгі концерттік бағдарламамыз осы орталықтағы әртүрлі этнос ұлттардың өкілдеріне позитивті энергия сыйлап, оларға деген құрметімізді көрсетті деп айтуға болады,–дейді іс-шараны ұйымдастырушыларлың бірі Арман Жәниев.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барысында аталған мекемедегі 300-ден астам жалғызбасты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар жандарға концерттік бағдарлама ұсынылып, азық –түлік себеттері таратылды.