Денсаулық

Алғыстан басқа айтарым жоқ

Елордадағы  №1 қалалық аурухананың неврология бөлімінің дәрігерлері мен медбикелерінің жоғары кәсібилігі туралы бұған дейін көп естігенмін. Науқастарға мұқият қарау, дәрігерлердің шеберлігі мен біліктілігі – сауығуға деген сенімді арттыратынына тағы көзім жетті.

Мен, әсіресе бөлім басшысы Бағжан Сыздықованың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Әйглі Амиельдің «Идеал дәрігер – бұл өмір мен адам жанын терең түсінетін адам, ол кез келген ауруды интуитивті түрде сезіп, айналасын сәулелендіреді» деген қанатты сөзі Бағжан Рыспайқызына дәл айтылғандай.  Ол неврология және жүйке жүйесінің аутоиммунды аурулары орталығының жетекшісі. Оның негізгі қағидасы – науқасқа деген құрмет. Қазақтың «Жақсылық еккен алғыс орады» деген мақалының мәні өте қарапайым және түсінікті. Мұндай адамдарды көргенде ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Бөлімнің білікті мамандары Анар Сабенова, Айгүл Саденова, Игорь Степанов, Сағыныш Қанатқызы, Есжан Сапарханұлы және медбикелер Ғалия Абсейтарова, Ұлжалғас Тас, Сара Садықова, Зарина Ташкимбаева, Әсем Нақыпова, Ақбота Рустем, Арай Абдуллаева, Қаракөз Ерболат, Қарлығаш Бөртебаева, Фарида Советтікқызына науқастарға, әсіресе қарт адамдарға ерекше қамқорлық көрсетіп, құрметпен қарағаны үшін алғыстан басқа айтарым жоқ. Олардың бізге берген кеңестері өте құнды. Өйткені ауру жандар ерекше көзқарас пен қамқорлықты қажет етеді.

Құрметпен Найля ТАКЕНОВА,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button