1 Наурыз - Алғыс айту күні

Алғысты әнмен жеткізді

Елордада қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Алғысты әнмен арнадым» атты мерекелік шарасы өтті. Көркемөнерпаздар ұжымы мен ансамбльдері қатысқан шара Музыкалық жастар көрермен театрында өтті.

[smartslider3 slider=2293]

Шараның ұйымдастырушысы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары ­Сатыбалды Жұмағатов алғашқы болып сөз алып, мерекелік құттықтау айтты.

«Бұл мереке бәрімізді бірлікке, ұйымшылдыққа, сыйластыққа шақырады. Біз өз елімізде өмір сүріп жатырмыз. Басымыз бірігіп, елдің дамуына атсалысуымыз керек. Әлі де атқарар шаралар алда. Басымыз аман, еліміз тыныш болсын!» деді Сатыбалды Жұмағатов

Мерекелік шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласында 100 мыңнан астам зейнеткер бар. Солардың басын біріктіріп, ауқымды шаралар ұйымдастырып отырған қалалық ардагерлер кеңесіне алғысымыз шексіз. Жастарға өнегелі тәрбие беріп, насихат жасауда керемет істер атқарудасыздар. Сіздердей қазыналы қариямыз барда, жастарымыз да еліне деген сүйіспеншілікті сезініп өсері анық» деді Дәурен Бабамұратов.

Мерекелік шара «Есіл толқындары» ансамблінің орындауындағы ұлттық әндермен жалғасты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button