Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

– Қаланың жаңадан ашылған Байқоңыр ауданына жиі жолым түседі. Сол жерде жеке тұрғын үйлердің маңайында қоқыс төгілетін шұңқырларды көрем. Бұл не үшін керек? Қаланың келбетін бұзып тұрған жоқ па?

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, Байқоңыр ауданының әкімі:
– Бұл шұңқырлар орталық кәріз жүйесіне қосылмаған жеке сектор тұрғындарына қоқыс­ты төгу үшін жасалған. Ауданда бас-аяғы осындай 48 шұңқыр орналасқан. Тұрғындардың жайлы­лығы үшін шұңқыр­лардың жан-жағына ұнтақталған зат себіліп, жәшіктерді сырлау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні қоқысқа арналған барлығы 13 орынға ұнтақталған зат себіліп, 31 шұңқырда сырлау жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыс жалғасатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button