Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Мейрам Құдабаев, Астана тұрғыны:
– Соңғы күндері бас шаһарда ауа райы мың құбылып тұр. Әуелде жел тұрып, оның соңы қарлы жаңбырға ұласты. Сондықтан қазір қысқы дөңгелектер мен оны ауыстыру қанша тұратынын білгім келеді.

Бұған қаладағы шина жөндеу орталығының қызметкері Никита Митрафонов жауап береді.
– Қазіргі күнде жазғы дөңгелекпен жүру өміріңізге өте қауіпті. Сондықтан көп уақыт кетірмей, көлігіңізді қысқы дөңгелекке ауыстырыңыз. Мәселен, елордада қысқы дөңгелектердің бағасы оны шығарған елге байланысты. Қазір Корея мен Ресейден шыққан дөңгелектер сұранысқа ие. Олардың бағасы 60 және 100 мың аралығында тұрады. Ал жазғы дөңгелекті қысқа ауыстыру үшін шина жөндеу орындарына 4 пен 6 мыңға дейін төлейсіз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button