Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Серік ҚАЙРАТҰЛЫ, Астана қаласының тұрғыны:
– Астана қаласындағы қоғамдық көліктерде жоғалған немесе ұмыт қалдырылған заттарды қайдан табуға болады? Арнайы орындар қарастырылған ба?

Бұл сауалға «Astana LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Әлия Жәркімбекова жауап берді.
– Мұндай жағдайда бізге хабар­ласыңыздар немесе Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымыз­ға жоғалтып алған затыңыз жайлы жазыңыздар. Елордада автобус жүргізушілері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін салон ішінен табылған заттарды автопаркке өткізеді. Жоғалған мүліктеріңіз сол жерде сақталып тұрады. «Astana LRT» байланыс орталығына осы мәселеге қатыс­ты күніне 3-4 адам хабарласады.
Ал жолаушы ең алдымен мін­ген автобусының қай автопаркке бағынатынын анықтап алғаны жөн.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button