Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Гүлбаршын РАХИМБАЕВА, елорда тұрғыны:
– Талдыкөл көлінің маңайында орналасқан Е-16 көшесінің тұрғынымын. Жалпы, Талдыкөлдің қоқыстан әрең дегенде тазартылғаны бәрімізге белгілі. Бірақ биыл қаладан шығарылып жатқан қар осы жерге тасымалданып жатыр. Үйілген қарға тұрғындар да тұрмыстық қалдықтарын төге бастады. Көктем шыққанда бұл жер тағы да күл-қоқысқа айналып шыға келеді ғой. Неге қар қала сыртындағы полигонға шығарылмайды? Осының себебін білгім келіп еді.

Оқырман сауалына Есіл ауданы әкімінің орынбасары Русланбек Қайбақовтың жауабын ұсынамыз.:
– 21-22 қараша күндері Астанада қалың қар жауды. Есіл ауданына қарасты 15 миллион шаршы метр аумақты тез арада тазарту керек болғандықтан, қарды Талдыкөлге төгуге тура келді. Өйткені Қорғалжын тас жолының бойындағы қаладан 10 шақырым қашықтықта орналасқан полигон батпақты аймақ болғандықтан, сол уақытта күннің жылылығына байланысты қар тасымалдау мүмкін болмады. Сондықтан Талдыкөл аумағына қар 21 қараша күні кешкі сағат 20.00-ден 22 қараша 13.00-ге дейін тасымалданды.Артынша полигонға баратын жол ретке келтірілді. Бұдан былай қар тек қала сыртындағы полигонға тасымалданатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button