Елорда тынысы
Алматы ауданында жаңа қоғамдық кеңістік құрылуда

Алматы ауданы «Ақ шаңырақ» тұрғын үй кешенінің аумағында жаңа қоғамдық кеңістік құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазіргі уақытта келесі жұмыстар жүргізілуде:
🔹 Заманауи шағын сәулет нысандарын орнату;
🔹 Жаңа тас жабынын төсеу және жолды асфальттау;
🔹 Жарықтандыру тіректерін орнату;
🔹 Балалар ойын алаңын ұйымдастыру;
🔹 Көше жиһаздарын орналастыру;
🔹 Жаңа ағаштар отырғызу.
Бұл жоба біздің ауданды өзгертеді және ересектер мен балалар үшін демалуға және белсенді уақыт өткізуге тамаша жағдай жасайды.