Ел тынысы

Алматы ауданының аумағын абаттандыру бойынша 171 өтініш түсті

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Астана қаласы Алматы ауданының аумағын абаттандыру бойынша 171 өтініш түсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
Алматы ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталды.
Тұрғындардан түскен ұсыныстардың басым бөлігі балалар мен спорт алаңдарын салуға немесе жөндеуге қатысты болды. Оның ішінде қоғамдық алаңдар, орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер орнату, аумақты көгалдандыру, сондай-ақ тротуарларды салу және жөндеу жұмыстары бар.
Қала тұрғындарының барлық жобалық ұсыныстары сараптамалық кеңесте қаралады. Сараптау комиссияларының бағалау нәтижелері бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережелері мен шарттарына сәйкес келетін жобаларға дауыс беру кезеңіне жіберілетін болады. Ең үздік жобаларға онлайн дауыс беру 2024 жылғы 5 сәуір мен 24 сәуір аралығында аудандық аппараттың ресми сайтында өтеді. Тұрғындардан ең көп дауыс жинаған өтінімдер жүзеге асырылады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button