Елорда тынысы

Алматы ауданының бірнеше көшесі жарықсыз қалды

Елордада Алматы ауданының бірнеше көше бойында жарық сөніп қалды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

«ҚазАқпарат» агенттігі төтенше жағдайдың себебін сұрап, «Астана РЭК» АҚ мекемесінің баспасөз қызметінен хабарласқан еді.

«Сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақау болды, соның салдарынан «Мыңжылдық аллеясы» мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай және А.Байтұрсынов көшесіндегі тұрғындар электр жарығынсыз қалды. Сағат 15:32-де жарық беру резервтік қуатқа ауыстырылды», — делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қазіргі уақытта жарықтың кенеттен сөнуінің себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, қыркүйекте Астанада 2 жылдан бері жасырын жұмыс істеген майнинг фермасы анықталған еді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласының аумағында ай сайынғы электр қуатын тұтынуы мегаполистегі бір тұрғын алабының қажеттілігімен пара-пар болатын, қозғалтқыштарды өңдеу орталығының түрінде жасырылған майнингтік ферманың қызметін ұйымдастырған.

 

Сурет: Pixabay.com

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button