Жаңалықтар
Алматы жұртшылығы белгілі қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафармен қоштасуда
Бүгін Алматыда қала жұртшылығы белгілі қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің 25 жастағы ұлы Сафар Шәкеевті ақтық сапарға шығарып салуға жиналды. Қоштасу «Қазақконцерт» залында өтіп жатыр.
Сафар Шакеев 16 шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен еді. Оны іздеу жұмыстарына 110 полиция қызметкері, 60 волонтер мен бірнеше сүңгуір жұмылдырылды. Өкінішке орай, Сафар Шакеевтің денесі кеше Алматыдағы Есентай өзенінен табылды.
Сафар Шәкеев Кеңсай-2 зиратына Батырхан Шүкеновтің жанына жерленеді.
«Астана Ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің редакциясы Сафар Шәкеевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.