Жаңалықтар

«АЛМАТЫНЫҢ АПОРТЫН АҢСАДЫҚ»

Жетісу жәрмеңкесіне келген көптеген астаналықтардың көкейінде осындай ой болды.

Өткен сенбі күні елордада аймақтардың жәрмеңкесін өткізу дәстүрі қайта жанданды. Алғашқы керуен Алматы облысынан келді. 

Керуен басы болған Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков қала тұрғындарының құрметіне көркем өнерпаздарын да ерте келіпті. Алаң ортасына құрылған сах­надан қазақтың ән-күйі шырқалып, күннің салқындығына, желдің ызғарына қарамастан мерекелік думан өтті.

Алаңдағы қызылды-жасылды сауда шатырла­рын ең алғашқылардың бірі болып қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов аралап көрді.

«Алматының апортын аңсадық» деген жұрт таң атпастан алаңға ағылды. Бәзбіреулер көлігін сайлап, қаптап тауар алса, кейбіреулер бағасын сұрастырып, тек көз салып, өтіп жатты. Текелінің балы, Райымбектің картобы, Жамбыл ауданының алмалары елорда халқының қоржынында кетіп жатты.

Жәрмеңке аралап жүріп, баға сұрастырумен болдық. – «Ет қанша? – Сиыр еті – 1000, қой еті – 1000, жылқы еті 1300-1500 мың теңге аралығында. – Ал, картоп ше? – 65 теңге». Бағаның шама-шарқын бағамдау үшін алдын-ала дайындық жасалғандығын жәрмеңке иелері атап өтті. «Астананың барлық базарын мониторинг жасап, орташа баға шығардық. Сол орташа бағадан 10-30 пайызға дейін бағаны түсіруге тырыстық», – деді өз сөзінде Т.Досымбеков.

– Екінші мәселе, өнімдер алқаптан жиналған күйі елордаға аттанды. Малдың еті де жаңа сойылған қалпында жеткізілді. Бүгінгі сөредегінің бәрі сапасы жағынан жоғары дәрежедегі азық-түлік. Бұл – тек сауда жасап қайту емес, Жетісудың сауда мәдениетін көрсету, еліміздің жетістігін паш ету. Ауыл шаруашылығының мол түсімімен бөлісу».

Шынар ӘБІЛДА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button