Руханият

«АЛПАМЫСТАН» ЖЕТКЕН «АМАНАТ»

Астанадағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында ұлтымыздың «Алпамыс батыр» қаһармандық эпосы негізінде «Аманат» спектаклінің премьерасы өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қойылымды Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Парманов сахналады.

????????????????????????????????????

«Жаңа қойылымның ерек­шелігі эпостың орыс тілінде сах­налауында болып отыр. Қазақша «Алпамыс батырдың» неше түрлі нұсқалары қойылды. Ақсе­леу Сейдімбек оны проза тіліне түсірді. Еркеғали Рахмадиев сондай атаумен опера қойды. Кейінгі жылдары бұл туралы мультфильмдер түсірілді. Біз спектаклімізде эпостың қазіргі күндегі мән-маңызына, бүгінгі қоғамға беретін тәрбиелік мәніне үңілдік. Бір сөзбен айтқанда, «Алпамыс батырда» айтылатын ойды орыстілді көрермен­дерімізге жеткізуді парыз сана­дық» дейді аталмыш театрдың директоры Еркін Хасенов.
Ал қойылымда Алпамыс батыр­дың бейнесін сомдау Максим Ященкоға бұйырды. Гүлбар­шынның рөліне жас актриса Наталья Маштакова таңдалды. Жалпы, бұл қойылымға қатысқан актерлердің көбісі – кейінгі 4-5 жылдың көлемінде Қазақ ұлт­тық өнер университеті түлеткен жас­тар.
Қойылымда актерлер орындаған қазақ әндері мен тұрмыс-салт жырларын көрермендер ерекше ықыласпен тыңдады. Әртістер «Туған жер» сынды әндер мен «Жоқтауды» алып шыға білді. Сондай-ақ, спектакльде қолданылған домбыра, қылқобыз, жетіген, шаңқобыз, сыбызғы сияқты ұлтымыздың аспаптары да эпос идеясын тамаша ашты.
«Алпамыс батыр» қаһармандық эпосы барша түркі тілдес халық­тарына ортақ әдеби мұра болып саналады. Спектакль атын «Аманат» деп қойғанымыздың бас­ты себебі – ғасырдан ғасырға, ұр­пақтан ұрпаққа аманат болып жеткен бұл эпосты кейінгі жастарға жеткізуді міндетіміз деп ойладық. Біз өз алдымызға ұмытылмайтын, көркемдік жағынан ерекше, сахнадан ұзақ жылдар бойы түспейтін спектакльді жасауды мақсат етіп қойдық және де сол мақсатқа жеткен сияқтымыз» дейді қоюшы режиссер Бекболат Парманов.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button