Қала тіршілігі

АЛТЫ АУМАҚТЫҚ КЕҢЕС АЙҚЫНДАЛДЫ

Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің 15 қыркүйек күні өткен отырысында бірқатар мемлекеттік мекемелер көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан аумақтық кеңестер құру және тағы басқа мәселелер қаралды.

Ең алдымен қалалық Ішкі саясат бас­қармасы Әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекшісі Досжан Исабектің Астана қаласындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан аумақтық кеңестер құру мәселесіне қатысты баяндамасы тыңдалды.
– Бұл мәселе кеңес мүшелерінің қарауына бұдан бұрын беріліп, талқыланған болатын. Сондықтан нормативтік құқықтық акті жобасындағы өзгеріске бірден кө­шейін. Бүгінгі тоқ етер әңгіме аумақтық кеңестердің шекарасы жөнінде болады. Біз қазіргі уақытта алты аумақтық кеңестің шекарасын айқындадық. Оның біреуі – Есіл ауданында, екеуі – Сарыарқа, үшеуі Алматы ауданында орналасады. Бұл аумақтар аудан әкімдерімен келісілген. Соны бекітулеріңізді сұраймын, – деді Дос­жан Асқарұлы.
Кеңес мүшелері бұл жобаны бірден мақұлдай қоймады. Бірқатар депутаттар «Жалпы, қалада 25 сайлау округі бар, осындай үлкен аймақтан тек қана 6 аумақтық кеңес құрыла ма? Бұл тым аз емес пе? Мәселен, Есіл ауданында бір ғана аумақтық кеңес болады екен. Мұны әлі зерттей түсу қажет» деген пікір білдірді. Ішкі саясат басқармасының өкілі аумақтық кеңес шекарасы сол жақтағы тұрғындардың санына байланысты белгіленіп отырғанын түсіндіріп берді. Біраз талқыға салғаннан кейін, кеңес мүшелері айқындалған алты аумақтық кеңестің шекарасын мақұлдады.
Бұдан соң Астана қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов жиналғандарға «Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қатысты Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 182-933 қаулысына өзгеріс енгізу жөніндегі жобасын таныстырды. Кеңес мүшелері мұндағы өзгерістерді бірауыздан қабылдады.
Ал Астана қалалық Сәулет және құрылыс басқармасының мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту және осыған қатысты елорда әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 120-2110 қаулысына өзгерістер енгізу туралы нормативтік құқықтық акт жобасын кеңес мүшелері мақұлдағанымен, басқарманың қызмет көрсету сапасына бірқатар сын айтты. Қызмет көрсетуді халыққа тиімді етіп ұйымдастыру жөнінде кеңес берді.
Астана қалалық Инвестиция және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров бұл жиында «Туризм саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» әңгімеледі. Жобаны мақұлдаған кеңес мүшелері басқармаға туризм саласын дамытуға қатысты шараларды жетілдіре түсуді тапсырды.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button