Sport

Алты қызымыз жартылай финалда

Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында кеше демалыс күні болды.  Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.

«Барыс Арена» спорт сарайында керілген шаршы алаңда алты  күн бойы өткен айқастардың нәтижесінде ең үздік деген 20 боксшы жүлделер үшін таласуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар 12 боксшы Рио-де-Жанейро ойындарына лицензия иеленді.

Қазақстан құрамасы бұл біріншілікте қазірдің өзінде өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр деуге болады. Атап айтар болсақ, 51 келі салмақта сынға түсіп жатқан Жайна Шекербекова жартылай финалға шығып, Олимпиадаға жолдама алып қойды. Ол енді әлем чемпионы деген атақ үшін айқастарын жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, 2014 жылғы әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күйгенбаева (+81) бүгін жартылай финалда өнер көрсетеді. Жеңгендері әлем біріншілігінің алтын жүлдесі үшін айқасатын болады.

Қазақстан құрамасынан  Римма Волосенко (60 келі), Зарина Цолоева (64 келі), Юлдуз Маматкулова (81 келі)  және Виолетта Князева (75 келі) жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Жартылай финалдық жекпе-жектер бүгін сағат 15.00-де, финалдық айқастар ертең 15.00-де басталады.

                                                                                     Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button