Sport

Алтыдан асып, жетіден жығылдық

Астанада өтіп жатқан шахматтан әлемдік командалық біріншіліктің алтыншы турында Қазақстанның әйелдер командасы Түркия командасын ұтты.

Бұл кездесуде қазақстандық шахматшылар тамаша ойын өрнегін көрсетті. Ала тақтадағы айқаста ұлттық құраманың бірде-бір мүшесі есе жібермеді. Мәселен, Гүлісхан Нақбаева қарсыласы Бетюль Кемре Йылдызды айқын басымдылықпен жеңді. Артынша Гулмира Дәулетова Кубра Озтюркпен тең түссе, үкілі үмітіміз Динара Садуақасова Карделен Кемханды сан соқтырды. Соңғы ойыншымыз – Мәдина Дәулетбаева түркиялық Эмель Кайямен тартысты ойында бір ұпайды тең бөлісті. Жалпы қорытынды бойынша есеп 3:1 болды.

Бұл осы чемпионаттағы біздің алғашқы командалық жеңісіміз болатын. Үздік он команда қатысып жатқан дода басталмас бұрын біздің ел 9-орында тұрған. Ал, 6 турдан соң 6-орынға табан тірегеміз. Бірақ, 7-турда әлемнің азулы командасы – Қытай қыздар құрамасы 3:1 есебімен бізді тізе бүктірді.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button