БілімЖаңалықтар

«АЛТЫН БЕЛГІ» АЛҒА ОЗДЫ

ErsainErgenbai-17

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері бас­қармасының қолдауымен «Жастар» сара­йын­да «Жайдарман» қалалық чем­пионатының соңғы сайысы өтті. Елордаға білім қуып келген әр аймақтың әзілкеш жастарынан құралған командалар өзара бәсекеге түсті.

Қалалық біріншілікті тамашалауға 2000-ға жуық адам жиналды. Ақтық кезеңде іріктелген 7 команда бақ сынады. Финалға шыққандар – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қазақ инженерлік-техникалық академияның, «Тұран» университетінің және Тамақтану колледжінің өнерлі жастары. Ойынға берілген тақырып – Астананың тыныс-тіршілігі және студенттік өмір. Тыңғылықты дайындықпен келген қатысушылар қазылар алқасының да, көрерменнің де көңілін көтеріп, ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен, сайыс нәтижесі бойынша Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алтын белгі» командасы чемпион атанды. Одан кейінгі орынға «Энерго» және «Тұран» командалары ие болса, үшінші орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Аграрка жастары» мен «Өсімдік қорғау және карантин» командалары алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button