Sport

Алтын да, күміс те бар

Үндістанның астанасы Дели қаласында өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық велотрекші Диас Өмірзақов ересектер арасында күміс жүлдеге ие болса, Магомед Мамедов жасөспірімдер арасында құрлық чемпионы атанды.

Велотрекші Магомед Мамедов жасөспірім ұлдар арасындағы жарыста алтын медаль алды. Күміс пен қоланы Кохей Сузуки (Жапония) мен Мохамад Фарад Разали (Малайзия) өзара бөлісті. Ал ересектер арасында Диас Өмірзақов төрт шақырымдық жекелей жарыста күміс жүлдеге ие болды.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button