ӘлеуметДенсаулық

«Алтын дәрігер» анықталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елордалық емхана дәрігері Оразалы Рахимов ҚР Ұлттық медицина қауымдастығының «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды. Марапатты ассоциация президенті Айжан Садықова табыстады.

[smartslider3 slider=1345]

«Алтын дәрігер» төсбелгісі адал және мінсіз еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін өз қызметінде ерекше кәсіби шеберлік пен қайсарлық танытқан денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне тапсырылады. Медальдің берілуі – маманның отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесінің, халық денсаулығы игілігі үшін риясыз еңбегінің және белсенді қоғамдық қызметінің мойындалуы.

Оразалы Рахимов денсаулық сақтау саласында 35 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын Целиноград облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастады, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда алдымен терапевт, содан кейін бас дәрігер болып жұмыс істеді, жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігері және балалар ауруханасында лор дәрігері болды. №3 қалалық емханада Оразалы Рахимов 24 жыл жұмыс істейді. Соңғы жылдары Есіл ауданы бойынша шақыру медициналық комиссиясының төрағасы.

«Шынымды айтсам, күтпедім. Бірақ менің кандидатурамды ұсынғандардың барлығына ризамын. Денсаулық сақтау саласындағы еңбегімнің атап өтілуі – мен үшін үлкен құрмет пен қуаныш. Не сезініп тұрғанымды сөзбен жеткізу мүмкін емес» деп өз ойымен бөлісті марапат иесі.

Үлкен тәжірибесі бар дәрігер үшін бұл – ең қымбат марапаттардың бірі. Бұған дейін COVID-19 пандемиясы кезінде қайтыс болған дәрігерлер «Алтын дәрігер» медалімен марапатталған болатын

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button