ЖаңалықтарМәдениет

«АЛТЫН ДОМБЫРА» ИЕГЕРІ БҮГІН АНЫҚТАЛАДЫ

d2a34b2519f154b93c5d6f1bff428d7e

Кеше Конгресс холда Тәуелсіздік күніне арналған «Мәңгілік ел – мұратым» атты республикалық ақындар айтысы басталды. Бас жүлдеге «Алтын домбыра» тігілетін осындай айтыс үшінші мәрте ұйымдастырылды. Айтыскер ақындардың бұл жолғы додасын да «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Мәдениет және спорт министрлігі өткізіп отыр.

Мемлекет және қоғам қайраткері, «Қорқыт ата» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, «Ара» саяси-қоғамдық журналының бас редакторы, сатирик Көпен Әмірбек, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек қазылық етіп отырған айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 22 ақын қатысуда.

Олардың арасында «айтыстың киллері» атанған Бекарыс Шойбеков, тұрғыластары «Асан қайғы» атап кеткен Айбек Қалиев, Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова сынды айтыссүйер қауымға жақсы таныс есімдер бар. Сондай-ақ, айтыс сахнасынан көптен көрінбей кеткен маңғыстаулық Нұрлан Мұсаев та сөз додасына шиыршық атып келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, «Алтын домбыраның» алғашқы иегері қызылордалық Мұхтар Ниязов болды. Былтыр ол Жандарбек Бұлғақовтың қолына тиді. Биылғы жеңімпаз бүгін анықталады. Ай­тыстың қорытындысын га­зетіміздің келесі санында жариялайтын боламыз.

 

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button