«Алтын күн» патриоттық әнінің VII балалар фестивалі қорытындысы шығарылды
ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайында елордада «Алтын күн» патриоттық әнінің VII балалар фестивалі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Фестиваль елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтті. Оған қалалық ҚХА, «Бақытты шаңырақ» және «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорларының шығармашылық ұжымдары қатысты. Байқауға қатысушылар бірнеше жас санаттарына бөлінді: 6-10 жас, 11-13 жас және 14-16 жас.
«Сахнада өнер көрсету – бұл таптырмас тәжірибе және өз талантын жүзеге асыруға әрі шығармашылықпен айналысуға тамаша мүмкіндік. Біздің жас әртістеріміз үшін осындай байқаулар керемет сыйлық болып саналады. Мұндай жобаларды ауқымды ету қажет деп санаймын», – деп атап өтті «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының басшысы Ботагөз Игенбаева.
«Алтын күн» – ондаған жанашыр әрі бей-жай қарамайтын адамдар еңбек етуінің нәтижесінде жүзеге асырылған жоба. Бұл қатысушыларға шығармашылық қабілеттерін ашуға, сондай-ақ бір-бірімен көбірек танысуға көмектеседі.
«Көп сағаттық сабақтардан кейін шығармашылық адам сахнада өзінің талантын көрсетуі керек. «Алтын күн» фестивалі – адамдар алдында өнер көрсетуге және бағалы сыйлықтарды үсарапқа салуға тамаша мүмкіндік. Сондықтан бүгін шығармашылық объективі арқылы балаларымыз мемлекеттік тілдегі патриоттық әндер арқылы ортақ Отанымызға деген сүйіспеншіліктерін білдіре алды», – деді елордалық Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының жетекшісі Светлана Рутц.
Балалар фестивалінің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен, ал конкурсқа қатысушылар грамоталармен марапатталды.