Басты ақпаратСпорт

Алтын күреген Астаналықтар

Жақында Испанияда грэпплингтен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары 27 алтын медаль жеңіп алды.

Жастар арасындағы жарыста 26 алтын, 21 күміс және 13 қола медаль алған Қазақстан командасы бірінші орынға ие болды. Ал ересектер бәсекесінде 1 алтын, 4 күміс және 6 қола жүлдеге қол жетті.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана спортшылары да командалық жеңіске үлкен үлес қосты. Елордалық грэпплинг шеберлері 8 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, Бекзат Қазтаев, Дина Жунусова, Шынар Узбекова, Арыстан Айтмолдин, Гафур Ужахов, Нұрасыл Тұрысбеков әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарынан көрінді. Сондай-ақ бапкер Тоқтар Зарубеков те сынға түсіп, медаль иеленді.

Испанияда жеңіске жеткен елордалық спортшыларды Астана қаласының әкімі Алтай ­Көлгінов қабылдап, әлемдік сындағы жеңістерімен құттықтады. Елордада грэпплинг спортын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарға және спортшыларға жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button