ӘлеуметБілім

«АЛТЫН КҮЗ» АЖАРЫ

ERA_4533

Бүгінде бас қаладағы жеке меншік балабақшалардың қызмет көрсету сапасы жақсара түскені байқалады. Білім басқармасы тарапынан қойылатын талаптарды ұқыпты ұстанатын бір­қатар балабақшалар мемлекеттік тапсырысты да абыроймен орындап келеді. Солардың бірі деп «Еркетай» бала­бақшасын айтуға болады.

Осыдан үш жыл бұрын ашылған айтулы мекемеде бүгінгі таңда 210 бүл­діршін тәрбиеленуде. Оқу-тәрбие жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Ересек топтардың тәрбие­ленушілері қалауына қарай ағылшын тілін де үйренуде.

– Балабақшамыз ашылған кезде жүзден астам бала қабылдайтын едік. Уақыт өте келе ата-аналар тарапынан сұраныстар көбейе түсті. Содан біз көрші тұрған ғимаратты да балабақшаға айналдыруға ұсы­ныс түсірдік. Бәрі ойдағыдай болып, бүгінде қанаттас тұрған екі ғи­маратта қатар жұмыс жүргізу­деміз. Бөл­мелеріміз де, ойын алаң­дарымыз да кеңейді, – дейді бізбен әңгімесінде балабақша меңгерушісі Наталья Русак.

Біз балабақшаға келгенде дәл мере­кенің үстінен түстік. Тәрбиеші Гүлжан Көгенбаева жетекшілігіндегі ортаңғы топтың балдырғандары «Алтын күз» мерекесін өткізіп жатыр екен. Әсем безендірілген ойын-сауық бөлмесінің дәл ортасында «Күз ханшайымы» отыр. Балалар болса, ханшайым
алдында кезектесіп өлең оқып, ән салады. Бір сәтте балалар жамырап күзгі өнімдерді көрсетіп жатты.

Осы күні мектепалды даярлық тобында да «Қыз сыны» байқауы өтті. Салима Шаркенова тәрбиесіндегі ба­лалар күзгі жеміс-жидектен салаттар жасаудан, кесте тоқу, өлең айтудан сынға түсті. Көңілді әрі мағыналы өткен байқауға қатысқан барлық ба­лаларға сыйлықтар берілді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button