Астана ауданы

Алтын құрсақты аналарға құрмет

Кеше елорданың Есіл ауданы әкімдігінде көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды.

[smartslider3 slider=1110]

 

– Мемлекет басшысы атынан сіздерге Алтын алқа мен Күміс алқаларды табыстау – мен үшін үлкен қуаныш. Бала деген – ең үлкен жетістік. Көп бала өсіріп, оларға мықты тәрбие беру – нағыз ерлік. Сіздерге сол үшін зор алғыс айтамыз. Лайым бала-шағаларыңыз аман болып, елдің игілігіне қызмет етуге жарасын!, – деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы.

Жиын барысында 3 ана «Алтын алқамен», 14 ана «Күміс алқамен» марапатталды. Көпбалалы аналардың ішіндегі ең жасы үлкені Мейраш әжей екен.

«Жасым 83-те. Он ұлым, екі қызым бар, Аллаға шүкір. Үлкені 64-те, кішісі 42-де. Әрқайсысы бір-бір кәсіптің басын ұстап отыр. Бірі – дәрігер, бірі – журналист, бірі – суретші, бірі кәсіпкер дегендей. Олардан 30-дан аса немере, 40-тан аса шөбере сүйіп отырмын. 1979 жылы кіші баламды өмірге әкелген соң, Брежневтің қолынан «Батыр Ана» орденін алдым. Шалым екеуміз ешқашан мемлекетке қол жаймағанбыз, заманның қиын кезінде де екеуміз бірге жұмыс істеп, бала-­шағамызды өзіміз бақтық. Қазір де бос отыр­маймын. Шымкентте тұратын ұлымның салат шығаратын цехы бар, соның жұмысын жүргізіп, бір жағынан келіндеріме де үйретіп отырмын» дейді «Алтын алқа» иегері Мейраш Балабекова.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button