Құқық

Алтын сағат оқиғасы

Елордалық сауда орталықтарының бірінен құны 2,5 млн теңгелік сағат ұрлаған күдікті ұсталды.

[smartslider3 slider=1127]

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, елорда тұрғыны Сейфуллин көшесі бойындағы сауда үйінде орналасқан дүңгіршектен белгісіз адамның қымбат сағат ұрлап кеткені туралы шағым түсірген. Тексеру барысында зардап шегушінің құны 2,5 млн теңге болатын 585 сынамалы Cartier маркалы алтын сағатты сатуға жарнама жасағаны анықталған. Аталмыш тауарға ер адам қызығушылық танытып, телефон арқылы хат алмасу барысында сауда үйінде кездесіп, сағатты көрмек болады. Түскі ас уақытында дүңгіршекке келген ер адам сағатты мұқият қарау үшін үлкейткіш әйнек сұрайды. Дәл осы сәтте дүңгіршекке бір әйел кіріп, сақина таңдай бастайды. Сатушы клиентпен алаң болып жатқан сәтте ер адам алтын сағатты алып қашып кеткен. Көп ұзамай қолға түсті. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Күдікті алтын сағатты 280 мың теңгеге ломбардқа өткізіп үлгерген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button