Sport

АЛТЫН ТҰҒЫРДА – АБЗАЛ

Abzal+Rakimgaliev+2011+World+Junior+Figure+Q2nlUJbGuXNl

Мәнерлеп сырғанаудан жақында ғана аяқталған Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы бәсекесінде Ванкувер және Сочи олимпиадасының қатысушысы Абзал Рақымғалиев 179,72 ұпаймен ел чемпионы атанды.

Ол қысқы және негізгі бағдарламада да көш басында болса, қысқа бағдарламада екінші, негізгі бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, күмісті иеленген Данияр Әділовте – 130,26 ұпай. Ал қола жүлдеге 128,78 ұпаймен Артур Панихин қол жеткізді. Панихин қысқа бағдарламада үшінші, негізгі бағдарламада екінші көрсеткішке ие болды. Бұл жарыстан ұлттық құрама көшбасшысы Денис Тен босатылған еді.

Қыздар арасында өткен сайыста Қазақстанның үміттілерінің бірі саналатын Элизабет Тұрсынбаеваға тең келер спортшы табылмады. Ол 180,46 ұпай жинап, 109,77 ұпайы бар Айза Мамбекованы екінші орында қалдырды. Қола жүлде Регина Глазманға бұйырды.

Дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button