Алтын жүзік ұрлаған
Сауда үйінен алтын жүзік ұрлаған астаналық қолға түсті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Елордада сақшылар сауда үйінен қолды болған алтын жүзік ұрлығын әшкереледі.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қаланың ірі сауда үйлерінің бірінде алтын жүзік ұрлаған 30 жастағы азаматты ұстаған. Күдіктінің зергерлік бұйым сататын магазинге сатып алушының атын жамылып келіп, жүзіктерді саусағына киіп көргені анықталды. Кейін ол бір алтын жүзікті сатушыға білдіртпей қалтасына салып алды. Осылайша, дүкенге материалдық шығын әкелді.
Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды.
Полиция қызметкерлері қылмыскерді өз үйінен ұстап, ұрланған затты оның үйінен тапты. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.