Елорда тынысы

Алтын жүректі жандар

Еліміздің мерейтойы қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында әлеуметтік маңызы бар мамандықтар өкілдеріне құрмет көрсету рәсімі өтті. «Алтын жүректі жандар» мүсіншесін 30 үздік медицина қызметкері, полицейлер, құтқарушылар, коммуналдық қызмет қызметкерлері, еріктілер мен журналистер алды.

[smartslider3 slider=1420]

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында 30 үміткер «Алтын жүректі жандар» мүсіншесі мен алғыс хаттарға ие болды. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы Нэлля Дощанова бар.

«Мұндай іс-шаралар жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана емес, жаңадан келген қызметкерлерге де үлкен шабыт береді. Жақсы істер алғыс айтуды күтпейді. Күн сайын полиция қызметкерлерінің, өрт сөндірушілердің, дәрігерлердің, коммуналдық қызмет қызметкерлерінің қызметіне шығу – бір үлкен игі іс. Бұл іс-шара өте үлкен рухани құндылыққа ие» деді Нэлля Дощанова.

Елорданың жедел медициналық жәрдем қызметі бригадасының жүргізушісі Еркін Көксеген «шұғыл медициналық жәрдем» бөлімінде 14 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Оның еңбегі де жоғары бағаланды. Марапатталғандардың арасында 8 жылдан бері волонтерлікпен айналысатын Айнұр Мусина да болды. Номинанттар құрметіне сахнада Нұржамал Үсенбаева «Наз» би театрымен бірге, Айман Мұсақожаева, Рухия Байдүкенова және «Айналайын» балалар хоры, Нұрлан Өнербаев, Диная, «Қанаттылар» инклюзивті театрының әртістері, «Алашұлы» тобы өнер көрсетті. Рәсім барысында сондай-ақ өздерінің кәсіби борыштарын орындай отырып, өмірлерін қиған әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдерін еске алды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button