Алтыншы округ бойынша сайлау өтті

Астанада алтыншы округ бойынша мәслихат депутаттығына сайлау өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Қалалық сайлау комиссиясы хабарлағандай, 8 желтоқсанда №6 бір мандатты аумақтық сайлау округінен шығып қалған адамның орнына Астана қаласы мәслихатының депутатын сайлау кезінде таңертеңгі сағат 7-ден бастап Астанада 19 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Мәслихат депутаттары бес жылға сайланады. Сайлау бюллетеніне 6 кандидат енгізілді. Астана қаласы бойынша сайлауға Байқоңыр ауданында орналасқан №6 бір сайлау округі қатысады.
Сайлау учаскелері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеді.
Осыған дейін округтің әрбір тұрғынына атаулы шақырулар берілген болатын. Сонымен қатар, учаскелік комиссия мүшелері 17-27 қараша аралығында сайлаушылар тізімін таныстыра отырып, ауланы аралап шықты.