Мәслихат

Алтыншы шақырылым қалалық мәслихат депутаттары мен Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2016 жылдың 24 маусымында сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Елордада индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы.
2. Астана қаласы Ішкі істер департамен­тінің жергілікті полиция қызметі басшы­сының есебі.
3. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
4. Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі «Астана қаласының жекелеген санаттағы азаматтарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
5. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы «Астана қаласында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 27 желтоқсандағы «Астана қаласы аумағында жануарларды ұстау қағидасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
8. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасындағы қаражатты қайта бөлуді келісу туралы.
9. «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы.
10. Тексеру комиссиясының Астана қаласы бойынша бақылау және аудит іс-шараларын жүргізуге келісу туралы.
11. Астана қаласы мәслихатының абаттандыру және көгалдандыру мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
12. Астана қаласы мәслихатының құрылыс мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
13. Астана қаласы әкімдігінің кейбір ведомствоаралық комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.
14. Астана қаласы мәслихатының 2016 жылдың II жартыжылдығына арналған жоспары туралы.
15. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы.
16. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы.

Ж. Нұрпейісов,
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button