ЖаңалықтарМәслихат

Алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2016 жылдың 26 мамырында сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы.
2. Астана қаласының 2015 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.
3. Астана қаласы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.
4. Астана қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы.
5. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы.
6. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрамы туралы.
7. Астана қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және ecipткi бизнесіне қарсы ic-қимылға бағытталған қызметін үйлecтipy жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамы туралы.
8. «Астана қаласында сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша комиссияның құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 тамыздағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
10. Астана қаласы мәслихаты аппара­тының құрылымы және штаттық саны.
Анықтама алу үшін телефондар:
55-66-35, 55-66-36, 55-66-37

Ж.Нұрпейісов,
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button