Жаңалықтар

АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТҚАН АЛҚАЛЫ ЖИЫН

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІV съезіне қатысушыларының алды Астанаға келді. Құрметті қонақтардың бірі – америкалық делегацияның мүшесі, православ өкілі, Америкалық христиандық шіркеулері одағының президенті Леонид Кишковский Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында болып, профессорлық-оқытушылық құрамы мен және докторанттармен кездесті.

Ол «Америкадағы және Қазақстандағы дінаралық үнқатысуға салыстырмалы талдау» тақырыбында дәріс оқыды. Дінаралық, мәдениет аралық өркениетті үнқатысуды қалыптастырудың әлемдік тәжірибелеріне тоқталып, дүние жүзінде болып жатқан үрдістерге өз бағасын берді.

«Мен екінші мәрте Астанадағы съезге қатысып отырмын. Дінаралық байланыстар мәселесі сөз болып, осы сұрақтың шешімін бірлесе іздегеніміз мені қуантады. Бұл көптеген жиындардың өзекті тақырыбына айналды. Бұл бізді бірлескен әрекеттерімізге дайындайды. Алдағы уақыттарда әрқайсымыз өз сеніміміздің тұғыртасында тұрып, әлем болашағы үшін әрекетімізді біріктіруде осындай басқосулардың артықшылығы көп. Астана мен үшін бөтен қала емес. Менің отбасым кеңестер кезеңінде екі айырылып жартысы батысқа, жартысы шығысқа жер аударылған болатын. Қазақ жерінде тұрақтап қалған туыстарыммен байланысымды үзген емеспін», -деді Леонид Кишковский.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button