Мәдениет

«Алжир» тұтқындарына тағзым

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «Ұрпақтар ұмытпайды» көрмесі ашылды.

Тарихи деректерде өткен ғасырдың зобалаңға толы 30-50 жылдары ҚарЛагтың бір бөлімшесі болған «АЛЖИР»-ден этаппен 20 мыңнан астам әйел өткені, ал 8 мыңнан астам әйел мерзімдерін өтеп шыққаны айтылады. Аталмыш көрме лагерь тұтқындарын еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

Мұнда Қаз КСР Денсаулық сақтау халық комиссары болған Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Қаз КСР Атқару комитетінің Президиум мүшесі Мұхамедқали Тәтімов және оның жұбайы Шәкітайдың, Алматы облысы Кеген ауданының прокуроры Шәкір Ғайсин және оның жұбайы Ғайнижамалдың, «АЛЖИР» тұтқыны Сұлухан Бағызбаеваның, КСРО-да жұмыс істеген АҚШ-тың «Амторг» компаниясының төрағасы Саул Брон мен оның жұбайы Клараның, Добруш Мемлекеттік банк бөлімінің директоры Севек (Сендер) Лихтенштейн және оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Ентаның, КСРО Мемлекеттік банкі директорының орынбасары Соломон Харин мен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Софья Зильбербергтердің фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары қойылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button