Мәдениет

«Амал» күнiн айшықтады

Өлгенi тiрiлмесе де, өшкенi жанып, жоғалғаны түгенделе бастаған ұрпақ тағы бiр дәстүрiн ұлықтап қолға алды. Кеше, 14 наурыз күнi С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiнде қаламыздағы бiрқатар жоғарғы оқу орындарының студенттерi жиналып, алғаш рет «Амал» мейрамын өткiздi. Айтулы шараға көрнектi ақын Фариза Оңғарсынова да қонақ ретiнде шақырылған екен.
«Амал» мейрамы – бұл көктемнiң келiп, Наурыз мерекесiне жол ашыл-ғанын бiлдiретiн мереке. Бұл күнi қыс бойы қақаған аязда үйден шыға алмай, бiр-бiрiн көре алмай, өз тiр¬шiлiгiмен әлек болып қалған жұрт көрiсiп амандасады. Жастар жағы үлкендердi iздеп барып, көрiсiп, амал-дың ақ таңы тууымен, көктемнiң басталып, тiршiлiктiң қайта түлеуiмен құттықтайды. Сөйтiп, аузы дуалы, үлкен ақсақалдардың батасын алады.
Көрiсу салтына байланысты бұл күн кейбiр жерлерде «көрiсу күнi» деп те аталады. Қазақта бұрыннан болып, бүгiнде кейбiр аймақтарда, Жамбыл облысының кей жерлерiнде, әсiресе батыс өңiрлерде сақталып қалған бұл дәстүрдiң өзiндiк ғибраты мол.
Ал, кешегi шара ҚазАТУ техника¬лық факультетiнiң 2 курс студентi Ерлан Қылаубаев бастаған бiр топ жастардың мұрындық болуымен ұйымдастырылған.
– Талай жыл Алматыда тұрдым. Астанаға келгенiме де он жылдан асып кеттi. Бiрақ, «Амал» мерекесiн жастар ұлықтап атап өткенiн бiрiншi рет көрiп, қуанып отырмын. Бұл күн, расында да, жәй күн емес. Адамзат тарихында үш күнтiзбе болған болса, соның соңғы үшiншiсi бiздiң көп ұғымымызды өзгертiп жiберген. Негiзi «Амал» мерекесi көктем туып, жер бусанған 1 Наурыз күнi тойла¬натын болған. Ал, күнтiзбе ауысқан¬да бұрынғы 1 наурыз қазiргi күнтiзбе бойынша 14 наурызға дөп келдi. Шын мәнiнде бұл Наурыз мерекесiнiң де басталуы, – дедi Фариза апа арнау сөзiнде.
Ақын сөзiнiң соңында төл дәстүрi¬мiздi жаңғыртуға күш салған жастар¬ға қолдау бiлдiрiп, олардың өз идея¬сын жүзеге асыруына мүмкiндiк бер¬ген оқу ордасының ректоры Ақылбек Күрiшбаевқа ризашылығын бiлдiрдi.
Елордада алғаш рет өтiп отырса да, «Амал» мерекесi залға жиналған жастардың ұлттық рухын көтер¬гендей болды. Ата салты бойынша, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң студентi, жас ақын Алмас Сүйiнбекұлы көпшiлiкке суырып-салып арнау әнiн жолдады. Қазақтың дәстүрiн дәрiптеп, ұлттың iзгi қасиеттерiн, алдағы Наурыз мере-кесiн жырға қосқан жiгiттiң сөз-мар¬жанына көрермен жастар арқа¬ланып, қол соқты.
Кештiң соңы елордалық студент¬тердiң концерттiк бағдарламасына ұласты.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button