#Жолдау-2022

Amanatтықтар Жолдауды талқылады

Amanat партиясының елордалық филиалында Президент Жолдауы талқыланды. Басқосуға Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатындағы Amanat партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Азамат Айтхожин қатысып, сөз сөйледі.

 

[smartslider3 slider=3875]

 

«Жолдауда жастарды жұмыспен қамту мәселесі жайында айтылды. Мәселен, кеше оқу бітірген жастар арасында жұмысқа орналасуда тәжірибе жоқтығынан мәселелер туындайды. Осы бағытта жұмыстар атқарылады. Егер механизмдерді дұрыстап жасасақ, бұл мәселе де шешімін табады деп ойлаймын. Жалпы, кешегі Жолдау­дың халық үшін жағымды тұстары бар. Ал бүгіннен бастап Жолдауды халық арасында түсіндіру жұмыстары басталады» деді Азамат Айтхожин.

Сондай-ақ жиында мәслихат депутаттары мен жастар өз пікірлерін білдірді. «Жаңа Жолдау бұған дейін жарияланған саяси реформалардың жалғасы деп білемін. Екіншіден, Президенттің сөзі мен ісі  бір жерден шығып отырғанының дәлелі – осы Жолдау. Жолдауда айтылған мәселенің бірі – балабақша тәрбиешілерінің жалақысы. Өйткені олардың жалақысы мардымсыз. Мәселе шешілмей келеді. Міне, осы сұрақтарға Президент нақты жауап берді. Сондай-ақ балабақша тәрбие­шілерінің әлеуметтік жағдайын көтеру, жалақысын өсіру сияқты мәселелерге басты назар аударылды» деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button