Сұхбат

Амангелді СЫЗДЫҚОВ: БҰЛ КҮННІҢ ҚҰДІРЕТІ БӨЛЕК

amangeldi1Амангелді Сыздықов,  Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

    

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында  Тәуелсіздіктің ұлы рухы баршамызды жебейтінін, біріктіретінін, бойымызға қуат беріп, келешекке деген сенімімізді нығайтатынын  тебіреніп айтты. Шын мәнінде біз бүгінде бейбітшілік бесігінде өмір сүріп келеміз. Құдайға шүкір, қазіргі кезеңде Қазақстанды бүкіл әлем танып-біліп отыр.

Ұлтымыздың көшбасшысы, мемле­кеттің қолбасшысы болып отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Тәуелсіздік күні мерекесі әрбір қазақстандық азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, қалалар мен ауылдарда салтанат құрады деп атап өткені жүрегіме майдай жақты. Ақиқаты сол – тәуелсіздік бұрынғы ата-бабаларымыздың орындалмай кеткен арманы еді. Ал бүгін біздің ұрпақ сол асыл арманды жүзеге асырып, бақытты заманды бастан кешіп отыр.

Елбасымыз Отанымыз – Қазақстанның көк байрағын нық ұстаймыз, асқақтатып желбірете береміз, бұл біздің мәңгілік ұстанымымыз деп айтты. Бұл сөз бар­шамызға бағытталған сөз деп түй­сінемін. Демек, елдің бірлігі үшін, берекесі үшін бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып еңбек етейік. Тәуелсіздіктің бір талабы да осында жатса керек.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай деп тілеймін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button