SportЖаңалықтар

«АМУР» ОҢАЙЛЫҚПЕН АЛДЫРМАДЫ

Барыс

КХЛ чемпионатын сәтті бастаған астаналық «Барыс» өткен сенбіде «Амур» командасын қабылдап, жанкүйерлерін жеңісімен қуантты.

Ойын барысын баяндасақ, Хабаровск қаласынан келген команда оңайлықпен берілген жоқ. Негізгі уақытта есеп 2:2 болды. Қосымша таймда қарсыластар есепті өзгерте алмады. Сөйтіп, бұл ойынның жеңімпазы матч соңындағы буллит соғумен анықталды. Бұл сында алаң иелерінен Найджел Доус мергендігімен танылып, екінші ойында қатарынан «Барыстың» ұпай қоржынын толтыруға септігін тигізді.

Ал, кеше «Барыс» Владивосток­тың «Адмирал» командасымен кездесті.

Ертең «Витязь» командасын қабылдайды. Матч «Қазақстан» спорт сарайында сағат 19.00-де басталады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button