Мәдениет

ӘН АЙТЫП, ЖАРЫСАЙЫҚ!

19 мамыр күні «Жастар» сарайында «Бәрі де ән айтады» атты караокеден ашық чемпионатына қатысуға ниеттілерді тыңдау өтеді. Оған 18 жастан асқан барша адам қатыса алады. Сағат 17.00-де басталатын шара 20.00-ге дейін жалғасады.

2015-05-28-mad-01

Бұл чемпионат Астана әкімдігінің қолдауымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қала күні мерекесі тойланатын мезгілде анықталады. Бас жүлдегерге Астана әкімінің кубогы мен ақшалай сыйлық тапсырылады.
Алғашқы іріктеу кезеңінен өткендерді белгілі әншілер дайындап, тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. Екінші іріктеуден сүрінбегендер жартылай финалға, одан өткендер финалға жолдама алады.
Қатысушылар жас айырмашылығына қарай үш топқа бөлінеді. Әр топ бойынша жеңімпазға жүлде беріледі. Ал Астана әкімінің кубогы ең көп балл жинап, топ жарған әншіге табысталады.
Биылғы чемпионат Қала күнімен қатар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналып отыр. Алғашқы іріктеу кезеңі көрменің ашылуына орай 10 маусымда өтеді. Екінші кезең 24 маусымға қойылды. Ал жартылай финал мен финал 5-6 шілдеде ұйымдастырылады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button