Мәдениет

Ән самалымен тербетті

«Астана» концерт залында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі мен өнер ошағы солистерінің «Ән самалы» концерті өтті.

[smartslider3 slider=2710]

Концертте қазақтың көрнекті композиторларының туындылары, елге сүйікті әндер әуеледі. Атап айтқанда, Кенжебек Күмісбековтің «Қарқаралы», Шәмші Қалдаяқовтың «Теріскей», Ескендір Хасанғалиевтің «Айналдым елім», Төлеген Мұхамеджановтың «Вальс», Жақсыкелді Сейіловтің «Ұлытау», Теміржан Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда» және т. б. тамаша шығармалар шырқалды. Концерт «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахиннің «Балқурай» композициясымен ашылды.

Е.Рахмадиев атындағы филармонияның Тельман Нұркенов жетекшілік ететін «халық әні» бөлімінің танымал әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Гүлмира Сарина, Мәдениет қайраткері Секен Сыздық, мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Тельман Нұркенов, Жақсыгелді Маясаров, Данияр Мұқан, Әйгерім Нартуеева, Перизат Тұрарова, Берік Омаров, Сәулежан Тағзия, Жандос Иманбай, Алуа Қалымбекова, Нұржан Мейірхан, Айдос Оңғарбай, Айбала Бейсенова, Бауыржан Нұрмұханов, Елбол Қуанбек және т. б. әртістер әр әннің музыкалық-стильдік ерекшелігін жеткізуге тырысып, өзінің даралығымен жарқын музыкалық нөмірлер жасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button