#Жаңа Қазақстан

«Ана капиталын» енгізу керек

[smartslider3 slider=1824]

– «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорының басшылығына Болат Жәмішев келгені дұрыс деп ойлаймын. Себебі моральдық тұрғыда өте таза тұлға. Сонымен қатар қорға ірі кәсіпкерлер қомақты қаржы құйып та жатыр. Дегенмен еліміздегі кедейлік мәселесімен күрестің өзі көп қаржыны талап етеді. Жастарымызды, әсіресе ауыл жастарын әлеуметтендіру – терең мәселе. Осыған көңіл аударған абзал. Елімізде демографиялық жағдайды шапшаңдату өте маңызды. Осы тұрғыда әлеуметтік қор аясында «Ана капиталын» енгізуді ұсынамын. «Ана капиталы» еліміздің демографиясына түрткі бола тұрып, көпбалалы жанұяларды әлеуметтік қорғаудың инструменті болады. Бұл үшін қорға жүйелі түрде қаржы түсіп, ұқыпты жұмсалуы тиіс. Мұнайдан түскен қаржының бір бөлігін осы қорға жіберуді ұсынамын. Бастысы, қор жұртшылықтың ашық бақылауында болуы керек. Қордың қаржысын салатын қаржы инструменттерінің өзі ашық талқылаудан өтуі тиіс.

Ерлан САИРОВ,  

Мәжіліс депутаты:

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button