#Жаңа Қазақстан

Ана мен баланы қорғауға көңіл бөлді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барлық қазақстандықтардың көңілінен шықты деуге болады. Бұған дейін Президенттің өзі айтып өткендей, Жолдау жергілікті өзін-өзі басқарудан бастап жалпыхалықтық мәселелерге дейінгі барлық деңгейдегі саяси жүйені реформалауға арналды.

[smartslider3 slider=2599]

 

Менің айтпағым, адам саясаттан алыс болғанның өзінде саяси мәселелер әрбір қазақстандыққа қатысты болады. Басқаша болуы мүмкін емес, мәселен, биліктің өкілдікті тармақтарын қайта форматтау мәселесі, бұл – тікелей жергілікті өзін-өзі басқаруда маңызды рөл атқаратын мәслихаттарға қатысты тақырып. Ал жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз – бұл біздер, ауыл, селолық округтер мен аудандар және қалалар тұрғындары. Егер мәслихат рөлі күшейтілетін болса, демек ел тұрғындарының өзекті мәселелері де сапалы әрі шұғыл шешіледі деген сөз. Бұл міндетті түрде өңірлердегі халықтың тұрмыс сапасына оң  әсер етеді.

Сонымен қатар өз Жолдауында Мемлекет басшысы қоғамда зорлық-зомбылық деңгейін азайту туралы жүйелі шешімдер қабылдау қажеттілігін атап өтті. Осы тұрғыда отбасылық-тұрмыстық қатынастағы құқықбұзушылық бойынша тиімді іс-қимылдар да маңызды рөл атқарады. Бүгінде азаматтар мен қоғам өкілдері тарапынан ана мен балаға қатысты зорлық-зомбылық көрсеткендерге жазаны қатайту қажеттігі туралы жиі айтылады. Бұл ретте мен Мемлекет басшысын қос қолдап қолдаймын. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол беруге болмайды және оны айтудан қымсынудың қажеті жоқ. Елге масқара боламыз деген емес, үйдегі ұрыс-керісті көріп өскен баламның тәрбиесі мен ертеңгі жағдайы қалай болады деген ой мазалауы керек. Олар бақытсыз болып өспеуі тиіс және болашақ өмірінде ата-анасынан көрген сценарийді қайталамауы керек. Емхана директоры ретінде айтарым, біздің медициналық ұйымға тіркелген әйелдер арасында да сондай зорлық-зомбылыққа шыдап жүргендердің көп екендігі. Біздің мекемеде психолог кабинеті жұмыс істейді, сол жердегі әлеуметтік қызметкерге келіп, өз мәселеңізді айтсаңыз, тиісті көмек көрсетілетін болады.

Серік ШАЙМЕРДЕНОВ,

№4 қалалық емхана директоры

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button